Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік сайлау күні – халық билігінің айқын көрінісі

Дүниежүзілік сайлау күні – халық билігінің айқын көрінісі

Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде аталып өтеді. Бұл күн Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітіліп, сайлау институтының маңызын арттыруға, азаматтардың сая­си белсенділігін күшейтуге және демократиялық құндылықтарды дамытуға бағытталған.

Сайлау – мемлекеттің дамуы мен халықтың еркін білдіретін басты тетік. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау жүйесінің әділ әрі ашық болуы елдегі тұрақтылық пен сенімнің негізі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөздерінде «Әділ сайлау – әділетті қоғам құрудың басты шарты» екенін ерекше мәнмен жеткізді.

Жуырда Сыр өңірінде өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Пре­зидент азаматтардың саяси мәде­ниетін көтеру, халықтың шешім қа­былдау үдерісіне қатысуын кеңейту мәселелеріне арнайы тоқталды. Құрылтай мінберінен айтылған ойлар елдегі реформалардың түпкі мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру екенін айқындайды. Бұл ұстаным сайлау институтының рөлін одан әрі күшейтіп, әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетеді.

Демократиялық қоғамда сайлау тек рәсім емес, ол – жауапкершілік пен сенімге негізделген саяси мәдениет. Сондықтан жастардың сайлауға саналы түрде қатысуы, құқықтық сауаттылықтың артуы – мемлекет дамуының кепілі.

Елімізде Дүниежүзілік сайлау күні аясында түрлі түсіндіру және ағартушылық шаралар ұйым­дас­тырылады. Бұл бастамалар Президент көтерген ашықтық, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік қағи­даттарымен толық үндеседі.

Қорытындылай келе, Дүние­жүзі­лік сайлау күні – демократиялық дамудың мәнін терең түсінуге мүмкін­дік беретін маңызды күн. Әрбір азамат өз таңдауына жауап­кершілікпен қарағанда ғана әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптасады.

Осы орайда аудан тұрғын­дары­ның кез келген саяси науқанға зор жауап­кершілікпен атсалысатынын айтып өту орынды. Қазыналы қарт­тары­мыз бастап, халық алдында жүр­ген ел азаматтары отбасыларымен келіп, сайлаудың ашық өтуіне атсалысады.


Аудандық сайлау комиссия­сы халық үдесінен шығып, сайлау­дың ашық өтуіне әрі оң шешім қабылдануы жолында жүйелі жұмы­сын жалғастыра береді. Біздің қоғам­да сайлау – мықты азаматтық қоғамы бар демократиялық құқықтық мем­лекеттің ажырамас атрибуты.

Ермек ШАЙЛАН,
Сырдария ауданының
аумақтық сайлау
комиссиясының
төрағасы

31 қаңтар 2026 ж. 69 0