Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Зияткерлік ойындарда дараланды

Зияткерлік ойындарда дараланды

Қоғам өмірінде мүмкіндігі шек­теулі жандарды барынша қолдау – маңызды рөл ойнайды. Қашанда денсаулығында кінә­раты бар адамдар өмірге деген құлшынысын ерекше арттырып келеді. Өз кезегінде аудандық қоғамдық даму бөлі­мінің тапсырысы бойынша «Сырдария» қоғамдық қорының ұйым­дас­тыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында шахмат, то­ғызқұмалақ, дойбыдан жарыс өт­кізілген болатын.

Аудандық спорт клубта жүзеге асқан жарыс барысында аудан жастары өзара бақ сынады. Зияткерлік ойындардың ерек­шелігі – жастарды ұтқыр ойлай білу, өз алдына шешім қабылдауға бейімдеу болып табылады. Әрбір ойынның көркін қыздарған жастар арасында үздіктер дараланып шықты.

– Бүгінгі мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы жарысымыз жылдық жоспарға енгізілген. Қабілеті зор, ынтасы бар жастарды әркез қолдауға дайынбыз. Олардың жеңіске деген жігері, қарсыласты ұтуға деген талпынысы жоғары болды. Жалпы, жыл көлемінде 9 іс-шара ұйымдастыру бекітілген. Алдағы уақытта сан түрлі мазмұндағы іс-шаралар жалғасын табатын болады. «Шахмат», «тоғызқұмалақ», «дойбыдан» жеңімпаз атанған жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын, – деді «Сырдария» қоғамдық қорының төрайы­мы Несібелі Керейтбаева.

Жарыс қорытындысында же­ңімпаздар мен жүлдегерлерге, қатысушыларға арнайы диплом, Алғыс хат, қаржылай сыйлық табысталды.

Аружан Амантай,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
журналистика мамандығының
3 курс студенті
30 мамыр 2023 ж. 271 0