ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС
Аудан көлемінде жыл бойына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шаралар легі жалғасын табуда. Осы орайда, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында тоғызқұмалақ пен дойбыдан жарыс өтті.
Жарысты аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Б.Жантүгелов, ардагер М.Елеусінов, «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қордың төрағасы Ғ.Болғанбаев ашып, аудан көлемінде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғам өміріне белсен атсалысуына жан-жақты жұмыстар жасалып жатқандығын жеткізді. Оның ішінде, олардың ой-өрісін дамытуға тоғызқұмалақ, дойбы жарыстыра жиі-жиі өткізілетінін де тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Спорт бәсекесіне ауданға қарасты елді мекендер мен кенттен жас спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысында тоғызқұмалақтан жүлделі үшінші орынды М.Абдразақова, екінші орынды Д.Сақтапов, бірінші орынды С.Молдабеков иеленді. Ал, дойбыдан үшінші орынды А.Тілектесов, екінші орынды А.Тұрарбек, бірінші орынды С.Кәрібаев еншіледі. Спортшыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы Дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.
«Тт»- ақпарат