Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас балғындар жетістігі

Жас балғындар жетістігі

Бұрнағы күні Қызылорда қа­­­­­­ла­­сында грэпплинг-ги жә­не пан­кратионнан облыс бі­рін­­шілігі ұйымдастырылды. Оған ауданның жас спортшылары қа­тысып, жүлдегерлер қа­тарынан көрінді.
Ауданда грэпплинг-ги және панкратион спортымен айналысатын 40-қа жуық спортшы бар. Оларды 2017 жылдан бері аудандық спорт клубының жаттықтырушысы Иса Әкімжанов шыңдап келеді. Білікті бапкердің шәкірттері облыс біріншілігінде барын салды. Жеңіс тұғырынан көріну үшін аянып қалмады. Ширақтық пен ықшамдықты игере білген спортшылар қарсыласынан мықты екенін көрсету міндетті. Аудан намысын қорғаған жас балғындардың бабында болуы маңызды. Сондықтан грэпплинг-ги және панкратион шеберлері үздіксіз жаттығады.
– Шәкірттерім аз ғана уақыт ішінде аталған спорт түрінен республикалық деңгейде жарыстарда бақтарын сынап жүр. Мәселен, ҚР кубогынан бір сапортшымыз ІІІ орынды жеңіп алды. Үздіксіз жаттығудың арқасында балаларды шынықтырып, нәтижеге жұмыс жасап келеміз. Қазіргі таңда грэпплинг-ги және панкратион спорты ерекше жақсы дамып келеді. Осындай облыс біріншілігін өткізу арқылы жастардың қарым-қабілетін байқаймыз. Кемшіліктерге жұмыс жасаймыз, – дейді Иса Әкімжанов.
Облыс біріншілікте 32 келіде Жансаят Іргебай ІІ орын, 55 келіде Мадияр Болатов І орын, 60 келіде Олжас Ибрагим ІІ орын, 38 келіде Сағыныш Ағыбай І орын, 20 келіде Санжар Тұрабек ІІ орын, 24 келіде Нұрдәулет Сәбитов ІІІ орын иеленді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
07 қараша 2021 ж. 436 0