Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ


«Алтын Күз – 2018» ауыл спортшыларының спартакиадасында Сырдария ауданының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Ауыл спортшыларының ХХХІІ-ші дәстүрлі спорт додасында аудан намысын қорғаған волейболшы ерлер мен әйелдер құрамасы облыс чемпионы атанды.
Сонымен қатар, сырдариялық тоғызқұмалақшылар жарыстың ең биік сатысына көтеріліп, спартакиада жеңімпазы болды.
Ал, үстел теннисінен сынға түскен аудан спортшылары ІІ-орын тұғырынан көрінді. Баскетболдан әйелдер құрамасы ІІІ-орынмен марапатталды. Аудан спортшылары аударыспақтан да жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ІІІ-орынға тұрақтады.
Айта кету керек, аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысушылар қатары артып келеді. Қазіргі күні 10 630 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш барлық тұрғындардың 27,2 пайызын құрап отыр.
Нақты кезеңде ауданда 129 спорт нысандары жұмыс жасайды. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы – спорттық жарыстарды көптеп өткізу болса, ағымдағы жылдың 9 айында 153 спорттық шара өтіп, оған 15 мың 603 аудан тұрғыны тартылды.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
08 қазан 2018 ж. 869 0