Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Грэпплинг пен ги грэпплингінен алғашқы Әлем кубогі Астанада өтеді

Грэпплинг пен ги грэпплингінен алғашқы Әлем кубогі Астанада өтеді

Әр түрлі елдерден келетін балуандар іріктеуден өтпей-ақ халықаралық Asia Open турниріне қатыса алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстанның грэпплинг ассоциациясына сілтеме жасап.
28-29 шілдедеАстанада кең ауқымды шара өтпек. Қазақстанның бас қаласында грэпплингтен алғашқы Әлем кубогі ұйымдастырылады. Іс-шараның бастамашысы – ҚР грэпплинг ассоциацисы. Әлем кубогіне Ресей, Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Қазақстан сияқты елдердіңкомандалары қатысады деп күтілуде. Кубок мачтық кездесу түрінде өтетін болады. Бір команда басқа бір командаға қарсы шығады.
«Бұған дейін грэпплингтен әлем кубогін ешбір ел ұйымдастырмағандықтан,аталмыш шара біз үшін өте маңызды. Қазақстан – осындай форматтағы жарысты өткізуге шешім қабылдаған әлемдегі алғашқы ел», - деп атап өтті Қазақстан грэпплинг ассоциациясының президенті атап өтті Қанат Алин.
Сонымен қатар, дәл осы күндері халықаралық Asia Open турнирі өтеді.Оның басты ерекшелігі күресуге ниет білдірген азаматтардың барлығына жарысқа қатысу мүмкіндігінің берілетіндігінде. Бүгінге дейін спорттық бәсекеге қатысуға Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Литва, Украина, АҚШ сияқты 500-ден астам спортшы өтініш білдіріпті. Бұдан бұрын Asia Open ұйымдастырылмаған еді. Азиядағы грэпплинг комитетінде бұл турнирдің грэпплингті Азия континентінде ғана емес, күллі әлемде дамытуға ықпал ететінін айтты.
Былтыр Қазақстан грэпплинг ассоциациясының ұйытқы болуымен елордада көптеген жарыстар өткен болатын. Олардың ішінде Астанада грэпплингтен өткен алғашқы Азия чемпионаты, жыл сайынғы Astana Open турнирісияқты балалар мен ересектер арасында өткен халықаралық және республикалық жарыстар, грэпплингтен Қазақстан біріншілігі мен Кубогі бар. Осы ретте Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстанда өтетін 5 турнирден тұратын Qazaq Batyry Championship жарыстары да үлкен маңызға ие.
18-19 тамызда Qazaq Batyry Chаmpionship-тің негізгі кезеңі өтеді. Оның қорытындылары бойынша Астанада өтетін жылдың ең басты оқиғасы – Әлем чемпионаты 2018 додасында Қазақстанның намысын қорғайтын балуандар таңдалмақ.
Айта кетейік, грэпплинг – дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің түрі. Грэпплингтің артықшылығы – спортшылар екі секция бойынша күреседі.
27 шілде 2018 ж. 753 0