Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық құрама жаңа формада

Ұлттық құрама жаңа формада

Бірер күн бұрын Қа­зақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының формасын таныстырған болатын. Негізінен, отандық спортшылар байрақты бәсекеге қазақ­стандық және ше­телдік мамандар арнайы дайындаған киіммен аттанды.

«Salta» брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова олимпиадалық киімнің салтанатты формасының дизайнері болды. Қазақстандық спортшыларға ар­налған спорттық форманы испандық «Joma» компаниясы жасады.

– Олимпиадалық киім формасына кэ­жуал форматында таңдалынған. Дизайнер коллекцияның ыңғайлылығына, беріктігіне, шыдамдылығына кепілдік береді, сонымен қатар бұл киімдерге күтім жасау оңай және мыжылмайды, – дейді Олимпиада формасының ди­зайнері Салтанат Баймұхамедова.

Олимпиаданы кейінге қалдыру, бә­се­келестік тәжірибенің болмауы, ірік­теу турнирлерін кейінге қалдыру немесе олардың күнтізбеден алынып тасталуы сынды оқиғалар былтырдан бері Токио Олимпиадасы шеңберінде белгі­сіздік болды. Бүгінде біздің міндетіміз - оларға барлық жағынан, соның ішінде олимпиадалық киім сияқты мәселелерде барынша қолайлы жағдай жасау. Сон­дықтан 35 спортшыдан тұратын комиссия форманы таңдау құқығын алды және Токиода оларға киюге не ыңғайлы болатынын анықтады» – деп пікір білдірді Ұлттық Олимпиадалық комитет.
20 шілде 2021 ж. 517 0