ХХХІІ жазғы Олимпиадаға дайындық қызу жүруде
Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Ұлттық Олимпиада Комитеті Спорт дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов Токио Олимпиадасы қарсаңындағы ҰОК-тің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды, – деп хабарлайды www.oinet.kz
«Биыл Токиода 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиадаға дайындық қызу жүріп жатыр. Өткен аптада ғана Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев жиын өткізіп, дайындық жұмыстарын пысықтаған еді. 2019 жылы Қазақстан спортшылары 28 Әлем чемпионаты, 19 Азия чемпионатына және 12 іріктеу турниріне қатысып, 14 спорт түрінен 27 жолдама жеңіп алды. Олимпиадаға жолдама үлестірілетін бәсекелер 29 маусымға дейін жалғасады. Алдағы уақытта спортшыларымыз олимпиадалық спорт түрлерінен екі әлем чемпионатына, 22 Әлем Кубогіне, 30 Гран-при бәсекесіне қатысып, жолдама үшін таласады. Жапония астанасында өтетін 4 жылдықтың басты додасына 30-дан астам спорт түрі бойынша 100-ден астам атлет апаруды жоспарлап отырмыз. Қазір 2016 жылы Риода өткен олимпия ойындарымен салыстырғанда Қазақстан спортшылары орта есеппен бір жарым жасқа жасарған»,-деді Е.Қанағатов.