Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

АҚШ-та қазақ балуаны әлем чемпионы атанды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Әлем чемпионатында Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде қырғызстандық Ырыскелді Хамзаевты 9:0, ал 1/8 финалда молдовалық Василе Забиканы 9:0 есебімен жеңді. Кейін ол ширек финалда әзербайжандық Фарид Халиловтан 7:1 есебімен басым түсті.

Жартылай финалда Юсуф түркиялық Ибрахим Өздемирді жеңді. Осылайша финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянды 4:3 есебімен ұтқан Юсуф Ашрапов Әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медальді салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапонияда өткен Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы 84 медаль еншілеп, 46 елдің ішінде жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.

Сурет: ҰОК



14 қазан 2026 ж. 54 0