Сыр палуандары үздік нәтиже көрсетті
Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресінен 2006-2007 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпинаты өтті. Айтулы додада жергілікті спортшылар облыс намысын абыроймен қорғап, өңір қоржынына 4 медаль салды.
50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен #1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің (ОРМБЖМ) спортшысы Шейхрахман Бауыржанұлы жеңіс тұғырына көтерілді.
Ол финалда Жамбыл облысының спортшысымен белдесіп, оны таза жеңіспен тізе бүктірді. Жас спортшы алғашқы мәрте Қазақстан жеңімпазы атанды. Осы жарыс нәтижесімен ол спорт шеберіне үміткер нормативін орындады.
38 келіде Шиелі ауданының #9 ОРМБЖМ спортшысы Диас Маратұлы мен 42 келіде #10 БЖСМ спортшысы Марғұлан Қасымбек және 46 келіде Қызылорда қаласының #1 ОРМБЖМ спортшысы Нұржан Тумырзаев қола жүлделерді иеленді.
Спортшыларды жарысқа жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Берік Қасымбеков, жаттықтырушылар Қайрат Жолмырзаев, Мақсат Оспанов және Бауыржан Мырзалиев дайындады.
Сәуір айының соңында Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өтетін ел чемпионатына облыс құрамасы дайындалады.