Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рахат Бекболат - ең үздік спортшы атанды

Рахат Бекболат - ең үздік спортшы атанды

Vesti.kz спорт порталы оқырмандарының дауыс беру нәтижелері бойынша жерлесіміз Рахат Бекболат Қазақстанның "Ең үздік спортшысы" деп танылды.

Дауыс беру нәтижелері бойынша 17 жастағы спортшы 55% дауыс жинап, үздік атанды.
Рахат Бекболат - 2004 жылы 14 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрсейтіов атындағы #233 орта мектептің 1-сыныбына қабылданды.

2016-2019 жылдары аралығында Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернатын бітірді. 2019 жылдан бері Қазақ гуманитарлық заң жəне техникалық колледжінің студенті.

Бапкерлері: Нұржан Смаханов жəне Арман Абдраев.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері, Ұлттық құрама команда мүшесі;
️ҚР 4 дүркін чемпионы (Қызылорда 2017, Семей 2017, Қызылорда 2018, Қостанай 2018);
23 жасқа дейінгі жастар арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері (Алматы қ. 2018);
️17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР жеке-командалық чемпионатының 1-орын иегері (Орал 2018);
Жасөспірімдер арасында Əлем чемпионы (АҚШ, Лас-Вегас 2019)️;
Жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионатының 2 дүркін чемпионы (Солтүстік Корея, Пхеньян 2019, Өзбекстан, Ташкент 2020);
15 жасында жасөспірімдер арасында, 16 жасында жастар арасында Əлем рекордын орнатты;
Азияның "Үздік спортшысы" номинациясының иегері.

2020 жылы Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында өткен онлайн Әлем Кубогының жеңімпазы атанды және серпе көтеруде 102 келіге дейінгі салмақта әлем рекордын жаңартты.
11 қаңтар 2021 ж. 461 0