Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ел чемпионатының күміс жүлдегері

Ел чемпионатының күміс жүлдегері

Жақында Жаңақорған ауданында 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Шынтайұлын еске алуға арналған белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа қатысқан жүздеген спортшылардың арасында өздерінің бабы мен бағы келіскендер барын салып, өнер көрсетті.

Жеңімпаздардың арасында №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Елдос Мырзағұлов та бар. Ол 68 кг салмақта күресіп, ІІ орын тұғырынан көрінді. Бір ғана қарсыластан есесін жіберген спортшы чемпионаттың күміс медалін иеленді. Оны спорт додасына дайындаған жаттықтырушысы Жандос Сардарбеков екенін айта кеткен жөн.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
04 қыркүйек 2019 ж. 839 0