Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР БАЛУАНДАРЫ 17 МЕДАЛЬ АЛДЫ

СЫР БАЛУАНДАРЫ 17 МЕДАЛЬ АЛДЫ


 Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерге орай Шиелі ауданында қазақ күресінен 2001-2002 жылдары  туған жасөспірімдер арасында  М.Шоқай атындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті.
    Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі турнирге еліміздің әр облысынан, Қырғызстан Республикасынан жиналған  200-ден аса балуан 9 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
    Елбасы бастамасы аясында ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеуге көздеген сайыста Қызылорда облысының спортшылары 17 жүлде (7 алтын, 5 күміс, 5 қола) жеңіп алды.
    Турнирде 38 келі салмақ дәрежесінде А.Өмірәлі (Қызылорда), 42 келіде  Ғабит Темірбай  (Қызылорда), Т.Қуантаев (Қызылорда, 46 келі), М.Шералиев (Қызылорда, 51 келі), Н.Әбілтаев (Қызылорда, 57 келі), Б.Төлешов (Қызылорда, 64 келі), Н.Қырғызбек (Жамбыл облысы, 72 келі), Е.Сақтағанов (Қызылорда, 81 келі), Е.Жорабек (ОҚО, +81 келі) бірінші тұғырдан көрінді.
    Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және ақшалай  сыйлықтармен  марапатталды.
14 желтоқсан 2017 ж. 1 339 0