Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ


№11 Сырдария ауданының олимпиа­далық резервтің мамандандырылған бала­лар-жасөспірімдер мектебінде ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері, қазақ күресінен спорт шебері Шәкір Қиықбайұлын еске алуға арналған қазақ күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Аталмыш жарысқа Ақтөбе, Шымкент, Түркістан облысы, Қызылорда қаласы және Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы,Сырдария аудандарынан 160 спортшы бақ сынасты.
Облыстық турнирді Сырдария ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайрулла Әбенұлы құттықтау сөзбен ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Спорт қайраткері Шәкір Қиықбайұлын еске алу турнирінде 8 салмақ дәрежесі бойынша жасөспірімдер сынға түсті.
Жарыс нәтижесінде № 11 Сырдария ОРМБЖМ-нің спортшылары Азамат Шәйланов (32 кг), Мадияр Хабибуллаев (38 кг), Мадияр Әшімов (46 кг), Жасұлан Болат (46 кг), Ернар Нұрғазы (50 кг) 3-орын алса, Қосан Мавленов (50 кг), Абылай Мейрамбек (55 кг) 2-орын иеленді. Спортшыларды жаттықтырған Жасұлан Қаусов пен Еркін Әділбеков.
Турнир жеңімпаздарына марқұм Ш.Қиықбайұлы отбасы атынан арнайы медаль, кубок, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ

07 маусым 2019 ж. 1 228 0