Тоғызқұмалақ турнирі

Жерлесіміз тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері Тұрғанбай Болғанбайұлының шәкірттері Хәкімжан Елеусінов әлем чемпионы, Бексұлтан Бостандықов Азия чемпионы.
Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында тоғызқұмалақтан аудандық турнир өткізілді. Тартысты өткен бәсекеде Айгерім Дәуірішхан жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды шағандық Айсұлу Шораева қанжығасына байласа, тереңөзектік Ерболат Мейрамбек үшінші тұғырға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушылар көтерме және ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ