Тоғызқұмалақ шебері атындағы турнир

Білікті бапкер биыл тірі болғанда 80 жасқа келетін. Осы айтулы күнге орай 18 қазанда Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Тұрғанбай Болғанбайұлын еске алуға арналған ашық республикалық онлайн турнир өткізілді. Бұл дүбірлі додаға еліміз бен шетелден барлығы 236 спортшы қатысты.
Турнирдің қорытындысында Тұрекеңнің төл шәкірті Бексұлтан Бостандықовтың мерейі үстем болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды қарағандылық Аңсаған Қожанәсіп қанжығасына байласа, екі үшінші орынды шымкенттік Дастан Қалыбек пен Нұр-Сұлтандық Биғали Зкірияев өзара бөлісті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтарға ие болды. Сөйтіп тоғызқұмалақ шебері атындағы турнир мәресіне жетті.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ