Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Турнир тартысты өтті

Турнир тартысты өтті

Сырдария спорт клубында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың (төрағасы Ғ.Б.Тұрғанбаев) ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастарды спортқа тарту мақсатында шахмат пен дойбыдан аудандық турнир өткізілді.

Турнирге кент пен ауылдардан 16 спортшы қатысты. Шаршы тақтадағы шахмат теке тіресінде Сырдария агроколледжінің екінші курс студенті Әлімжан Қазан жеңіске жетті. Екінші орынды Жандос Мұсағұлов қанжығасына байласа, Думан Қазан үшінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ дойбы додасы да тартысты өтті. Бұл жарыста іңкәрдариялық Қайрат Әбілжаппаров жеңіс тұғырынан көрінді. Турнирде дойбыдан қыздардың мерейлері үстем болып, екінші, үшінші орындарды жеңіп алды. Олар асқарлық Ақмаржан Тұрарбек пен шағандық Аяжан Сахиева.

Турнир қорытындысында жеңімпаздар мен оған қатысушылар марапатталып, ақшалай және ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
16 қазан 2020 ж. 735 0