Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТАРТЫСТЫ ӨТТІ


Тоғызқұмалақ – ұлттық спорттық ой-сана ойыны. Бұл спорт түрін сырдариялықтар ерекше ұнатып, ойнайды. Көгалдағы хоккей, волейбол тәрізді тоғызқұмалақ ауданның бренді саналады.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қол­дауымен, «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында тоғыз­құма­лақтан аудан біріншілігі өткі­зілді. Жарысқа тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері Кенбай Қарашаев төрешілік етті. Тартысты өткен бәсекеге ауыл-ауылдан мүмкіндігі шектеулі спортшылар белсенділікпен қа­тысты. Аудандық біріншілікте ең көп ұпай жинаған терең­өзектік Серікбол Молдабеков бірін­ші орынды жеңіп алды. Екінші орынды шіркейлілік Айша Жармағанбетова қанжығасына байласа, үшінші орынды шағандық Данияр Советов иеленді.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, ал қатысушылар «Алғыс хаттар» мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.


Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
24 сәуір 2018 ж. 1 327 0