Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатор Мұрат Бахтиярұлы: Мемлекеттік тілді үйретуге келгенде қаржыны аямауымыз керек

Сенатор Мұрат Бахтиярұлы: Мемлекеттік тілді үйретуге келгенде қаржыны аямауымыз керек


Қазақстандағы тілге байланысты үлкен мәселенің бірі - мемлекеттік тілге келгенде әлі де болса қаржылай қолдаудың жетіспейтіндігі. Мемлекеттік тілдің мәселесін Астанада өткен «Елбасы Жолдауы: жаңа жаһандық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстелде Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы көтерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тіл
шісі.
«Жалпы, Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланып жатыр. Жолдауда мынадай бір екі фраза бар: Мемлекет басшысы «Қазақ тілін халықаралық деңгейге көтеру» деген мәселені көтерді. Оны қалай көтереміз? Оның қандай жолдары бар? Не істейміз? Екінші мәселе, көп Жолдауларда болған емес, идеал туралы сөз айтты. Өзінің тарихын, тілін , мәдениетін меңгерген, озық ойлы, көзқарасы бар азаматтар қоғамымыздың идеалына айналу керек деген сөз айтылды. Бір сөйлемнің артында көптеген пікірлер жатыр. Сондықтан, бұл мәселеге келгенде Тіл комитеті біраз жұмыс жасау керек секілді», - дейді сенатор.
Мұрат Бахтиярұлы өз сөзінде Сенат депутаттарының Қазақстанның түкпір-түкпірін аралау кезінде қазақ тілінің ахуалы қоғамда әлі де өзекті мәселеге айналып тұрғанына көз жеткізгенін айтады.
«Қазақ тіліне әлі де алаңдаушылық зор, көп. Әсіресе, үштілді мәселеге байланысты айтуымыз керек. Біз осы үштілділік мәселеге байланысты 20-ға жуық сенатор Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған болатынбыз. Елбасының саясаты өте дұрыс. Балаларымыздың ағылшын тілін меңгергені дұрыс. Оған қоғамда ешкім қарсы емес. Бірақ, осы тілді оқыту мерзімі, уақыты, оның кезең-кезеңмен оқыту мәселесін қозғаған едік. Елбасы кейіннен бір сөздерінде кезең-кезеңмен, әсіресе ауылдық мектептерде ары қарай жылжытуды тапсырды. Бірақ, осыған байланысты әлі де мәселелер бар», - дейді ол.
Сенатор сонымен бірге, жақында ғана ел аралаған кезде мектептерде болған жайларды мысалға келтірді.
«Мектептерде ағылшын тілі үш айлық курстар арқылы өтеді екен. Яғни, математика, химия пәндерін ағылшын тілінде беру үшін мұғалім үш айлық курстан өтеді. Бірақ, үш ай ғана оқыған мұғалім ағылшын тілін қалай біледі? Ол мүмкін нәрсе емес. Біз осы мәселені әлі де Үкіметтің алдына қоймақпыз. Асығуға жол беруге болмайды», - дейді Мұрат Бахтиярұлы.

«Мемлекеттік тілді үйретуге келгенде мемлекеттің қаражатын аямауымыз керек» деген депутат қоғамның өзекті мәселесін атады.
«Үлкен мәселенің бірі - мемлекеттік тілге келгенде әлі де болса қаржылай қолдаудың жетіспейтіндігі. Үйренгісі келетін өзге ұлттың азаматтары көп. Бірақ, әлі де болса бұл тұрғыда көптеген мәселелер бар. Зиялы қауым, Парламент депутаттары, тіл жанашырлары барлығы бұл мәселені ақпарат құралдарында көтере бергенін өз басым дұрыс деп есептеймін», - деп түйді сөзін сенатор.  
http://www.inform.kz/kz
19 қаңтар 2018 ж. 1 372 1

Алмаханбет Туреханов от 12 наурыз 2020 22:16
Мұрат Бахтиярұлы, амансыз ба! Тіл туралы бүгін 31- арнадан тағы Сіздің сөзіңізді естідім. Менің аты-жөнім Әлмағанбет Төреханов. 80- демін., тіл маманымын. Алматыда тұрамын, кезінде 30 жылдай инязда неміс тілін үйреттім. Бүгін үйде отырып 10 жылдан бері қазақ тілін үйретіп келе жатырмын. Құдайға шүкір, әлі тыңмын. Айтайын дегенім мынау: Менің әдісім бойынша тіл үйретпесе, Қазақстан тағы 30 жыл шүлдірлей береді. Мен орыс тілділерге тіл үйрету жолын таптым. Кез келген комиссияның алдында бұл жөнінн менен артық ешкім жоқ екенін дәлелдеп беремін. Мақтаншақ біреу деп ойлап қалмаңыз. Төрімізден көріміз жақын қалды. Білгенімді жастарға беріп кетуім керек. Сіз бұған не дейсіз? Жауап күтемін.