Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Қызылордада өткен кезектен тыс ХХ облыстық мәслихат сессиясында аймақтың бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелері қаралды.
  Атап айтқанда, сессия барысында «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы», «Әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар теміржол қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланып, облыстық ономастика, мемлекеттік рәміздері жөніндегі және терроризмге қарсы комиссияларының құрамы бекітілді. Сондай-ақ, «Жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін арттыру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 302 шешімінің күшін жойылып, донорлық функцияны өтеусіз және ақылы негізде жүзеге асырғаны үшін донорларға қосымша көтермелеу шаралары талқыланды.
  Күн тәртібі мәселелері қаралып болған соң Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидулла Оспанқұлов бастаған делегация Қ.Көшербаевке Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағын және БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің құттықтауын табыс етті.                                           


01 маусым 2018 ж. 1 214 0