ТРАНСФЕРТТЕР АБАТТАНДЫРУҒА БАҒЫТТАЛДЫ
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 22 сессиясына аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, депутаттар мен бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттері туралы» аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №168 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Жүсіпбекова хабарлама жасады.
2018 жылға арналған кент және ауылдық округтерінің кірістер бөлігі 1064494 мың теңге көлемінде жоспарланған. Атап айтқанда, аудандық бюджет есебінен оның түсімі 8799 мың теңгеге ұлғайған. Қаралған қаржы кенттің орталық алаңын абаттандыруға ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізуге, осы жобаға техникалық қорытынды алуға Тереңөзек – Шаған автожолын (Бұхарбай батыр көшесінен Узтоп елді-мекенінің тұсына дейін) жарықтандыруға, т.б бөлінген. Сондай-ақ, Қоғалыкөл, Амангелді ауылдық округтер бойынша тиісінше нысаналы трансферттер қаралған.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ж.Сыздықов 2017 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Т.Ильясов, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы М.Жүсіпбекова, аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, қаржы және бизнес жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Каюпов хабарлама жасады.
Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы және құрылыс, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның құрамына жаңадан сайланған депутат С.Сұлтанов комиссия құрамына қабылданды.
Кезектен тыс сессия барысында депутаттар тарапынан айтылған ұсыныс- пікірлерге аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов жауап берді. Бүгінде облысқа ауданнан ұсынылған жобалардың бірнешеуі ғана мақұлданып, қаржысы шешілген. Олардың қатарында ауыл көшелерін жөндеу, жарықтандыру мәселелері бар. Сессия соңында тиісті шешімдер қабылданды.