ДЕПУТАТТАР ҚОЛДАДЫ
БҰРНАҒЫ КҮНІ АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІХХ СЕССИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ. ЖИЫНҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ Е.ӘЖІКЕНОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ Е.АХЕТОВ, Б.ЛЕКЕРОВ, Б.ӨТЕГЕНОВА, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ, ДЕРБЕС БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ, САЛА МАМАНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Күн тәртібінде мынадай мәселелер қарал ды. Аудандық мәслихат хат-шысы Е.Ертарғынұлы жиналғандарға 2017 жылы ат қарған жұмысы тура-лы есебін берді. Сонымен қатар Сырдария ауданында өнеркәсіп кешенін дамыту жолдары және оны жақсарту шаралары туралы аудан әкімінің орынбаcары Б.Зинабдинұлы баяндама жасады. Аудандық мәслихаттың экономика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы мәслихат депутаты Б.Қадыров айтты. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, қаржы және бизнес мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебін аудандық мәслихат депутаты С.Қаюпов баяндады. «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық – құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық- кеңесші орган құрамын бекіту туралы» және Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы №98 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы және «Ауданда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 шілдедегі №326 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ау-дан әкімінің орынбасары Б.өтегенова мәлімдеді. Ал, аудандық мәслихат аппаратының басшысы г.Божан «Сырдария аудандық мәслихат ап-параты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы хабарлама жасады. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасының орынбаса-ры Б.Омаров «Сырдария аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 10 сәуірдегі №225 шешіміне өзгеріс енгізу туралы түсініктеме берді.
Жиын барысында басқа да мәселелер қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Жоғарыда аталған есеп беру баяндамаларына жекелеген мәслихат депутаттары өз бағасын беріп, пікірлерін ортаға салды.
Б.ОРДАБЕКОВ
Пікір 2