Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Депутаттық фракция отырысында құрылыс жұмыстарының барысы тыңдалды

Депутаттық фракция отырысында құрылыс жұмыстарының барысы тыңдалды

Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның кезекті отырысында Сырдария ауданы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы тыңдалды. Фракция отырысын аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізді. Отырысқа фракция мүшелері, сала басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын кең көлемде Тереңөзек кенті мәдениет үйінде өтті. Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне қатысты тармақтарының орындалу барысы туралы бөлім басшысы Н.Бисембаевтың есебін тыңдау;

2. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Тереңөзек кенті әкімі аппаратына қатысты тармақтарының орындалу барысы туралы кент әкімі Е.Бақтияровтың есебін тыңдау;

Депутаттар нысандар құрылысының сапасы, көшелерді жөндеу, электр бағаналарын ауыстыру мен электр желілерін жүргізу, сарқынды су құрылысы желілерінің мәселелері жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын соңында аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов үгіт-насихат кезеңінде сайлаушылардан түскен өтініштер мен талап-тілектерді орындауға күш салу керектігін айтты. Сонымен қатар жыл басынан бері аудандық мәслихат депутаттары тарапынан құзырлы органдарға 8 депутаттық сауал жолданғанын, оның бірде-бірі назардан тыс қалмағанын жеткізді.

– Халық аманатын арқалаған мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктелгенін айтқым келеді. Біз алдағы уақытта ауданымыздың, оның ішінде Тереңөзек кентінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуына бар ынта-жігерімізбен, күш-қайратымызбен атсалысуымыз қажет. Бізден мұны уақыт да, қоғам да талап етіп отыр. Осы бағытта бәріміздің бірлесе атқаратын жұмысымыз жемісті болсын, – деп қорытындылады Ержан Әжікенов.

Отырыс қорытындысымен қаулы қабылданды.
20 наурыз 2024 ж. 173 0