Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы қаралды

Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы қаралды

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Аталмыш отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Е.Жақып, комиссия мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты.

Комиссия отырысы барысында төмендегі мәселелер қаралды:

1. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария ауданы бойынша тармақтарының орындалу барысы туралы Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алмат Берікұлының есебін тыңдау;

2. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария ауданы бойынша тармақтарының орындалу барысы туралы Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисембаев Нұржан Пермебайұлының есебін тыңдау;

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, хабарламашылар баяндама жасап, комиссия мүшелері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берілді. Комиссия төрағасы комиссия мүшелеріне сайлауалды бағдарламаның жол картасына енген нысандарға бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
20 қыркүйек 2023 ж. 161 0