Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлттық мұра» жобасының ауданда орындалу барысы қаралды

«Ұлттық мұра» жобасының ауданда орындалу барысы қаралды

Аудандық мәслихаттағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы  Ержан Әжікенов ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа фракция мүшелері, тиісті сала басшылары, партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Депутаттық фракция отырысының күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды:

1. Партияның «Ұлттық мұра» жобасының Сырдария ауданында орындалу барысы туралы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жеңіс Төрәлиевтің есебін тыңдау.

2. Аудандық мәслихаттағы «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Дархан Ералиевтің атқарға жұмыстары туралы есебін тыңдау.

Күн тәртібі бекітілген соң, алғашқы мәселе бойынша аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Жеңіс Төрәлиев Сырдария ауданында «Ұлттық мұра» жобасының орындалу барысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты Дархан Ералиев атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасалды. Алдағы уақытта фракция отырыстарында фракция мүшелері атқарған жұмыстары туралы есеп беретіндігі айтылды.
27 ақпан 2024 ж. 52 0