Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген жол картасының орындалуы талқыланды

Сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген жол картасының орындалуы талқыланды

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Е.Жақып, фракция мүшелері және тиісті сала басшылары қатысты. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов ашып, жүргізіп отырды.

Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария ауданы бойынша тармақтарының орындалу барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерланның есебін тыңдау;

2. «Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария ауданы бойынша тармақтарының орындалу барысы туралы Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Садуақасов Алматтың есебін тыңдау;

Отырыстың күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, хабарламашыларға сөз беріліп, баяндамалары тыңдалды. Отырыс барысында фракция мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап алынды. Отырыс соңында төраға күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданатындығын жеткізді.
19 қыркүйек 2023 ж. 116 0