Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті


Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырысты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов ашып жүргізіп отырды. Аталмыш отырысқа комиссия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Е.Жақып, А.Ибрагимұлы, З. Жаманқұлов қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

1. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы ауылшаруашылығына қатысты 2022 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы Сырдария аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жұмабеков Нұрболдың есебін тыңдау;

2. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласына қатысты 2022 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қарсақбаев Нұрланның есебін тыңдау;

3. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы құрылыс саласына қатысты 2022 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Кушмурзаев Абзалдың есебін тыңдау;

4. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының жол картасындағы білім саласына қатысты 2022 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы туралы Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Беріктің есебін тыңдау;

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, тиісті сала басшылары комиссия мүшелері алдында есептерін берді. Отырыс барысында баяндама жасаушыларға сайлауалды бағдарламаның жол картасының орындалуы бойынша ұсыныстар мен сұрақтар қойылды. Комиссия отырысның қорытындысымен қаулы қабылданды.






Жұмабек ЕМБЕРГЕНОВ,
аудандық мәслихат депутаты










28 сәуір 2022 ж. 404 0