Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алдағы жоспарлар пысықталды

Алдағы жоспарлар пысықталды

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болды. Отырысты аудандық партия филиалының төрағасы Әжікенов Ержан Ертарғынұлы ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа фракция мүшелері, тиісті сала басшылары, партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Депутаттық фракция отырысының күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды:

1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасындағы Сырдария ауданы бойынша тармақтарының 2024 жылға жоспары туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлының есебін тыңдау;


2. «AMANAT» партиясынан ұсынылып Тереңөзек кенті әкімі болып сайланған Бақтияров Ержан Бақтиярұлының сайлауалды уәделерінің орындалуы туралы есебін тыңдау;


Отырыстың күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, төраға баяндамашыларға сөз берді. Алғаш болып аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Дәуітбекұлы сөз алып, 2024 жылы сайлауалды бағдарлама аясындағы жол картасында Сырдария ауданына орындауға міндетті 45 іс-шара көзделгенін атап өтті. Сонымен қатар, хабарламашы биылғы жылға арналған іс-шаралардың орындалу барысына да тоқталып, жобаларға арналған бюджет есебінен қарастырылылған қаржы көлемінде баяндамасында айтты. Фракция мүшелері тарапынан хабарламашыға орындалмау тәуекелдері бар іс-шараларды алдын ала жоғары органдарға хабарлау туралы да ұсыныстар айтылды.


Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтиярұлы хабарлама жасады. Ол өз баяндамасында кент тұрғындарына берген сайлауалды уәделерінің орындалу барысымен таныстырып өтті. Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 8 бағыт бойынша 2022-2023 жылдары атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2024 жылы іске асатын жобалармен таныстырды. Отырыс барысында фракция мүшелері тарапына кент тазалығы, қоқыс шығару және т.б. мәселелер бойынша сұақтар қойылып, жауаптар қайтарылды.


Фракция отырысының қорытындыланып, қаулы қабылданды.
31 қаңтар 2024 ж. 202 0