Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар мәселесі – қоғам назарында

Жастар мәселесі – қоғам назарында

Жақында жастар ісі жөніндегі ма­ман­дардың ұйымдастаруымен ау­дан­ға қарасты білім ошақтарында оқу­­шылармен кездесу өткізілді. Кез­де­суде құқық бұзушылық, жасөс­пі­рімдер тәр­биесі, жастардың қаты­суымен орын алатын қылмыстардың алдын алу мәсе­лелері қаралды.
Іс-шара барысында аудандық жастар ресурстық орталығының маманы С.Сыздықова, ішкі саясат бөлімінің теолог маманы М.Сейілханов, аудандық полиция бө­лімінің полиция капитаны А.Нұрымбетова қоғамда жас­тар тәрбиесі жөнінде өзекті мәселелерге тоқталды. Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықты болдырмау үшін жасалатын негізгі жоспарларды айтып берді. Қазіргі таңда сапалы білім алуға жағдай жасалған. Сонымен бірге бала тәрбиесі де алдыңғы орында тұрады. Түнгі мезгілде жүру, тәртіп бұзу, қылмыс жасауға бе­йім­делу факторлары жастар арасында жиі кездеседі. Сондықтан сала мамандары қылмыс жасаудың зардаптарын түсіндірді.
– «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» екенін жақсы білеміз. Ауданда 17 мектепте оқитын жас­тар тәрбиесі қоғам назарынан тыс қалмайды. Мектеп оқушылары ұстаздардан сапалы білім алып, ата-ана үмітін ақтауға тиісті. Олар құқық бұзушылық іс-әрекеттерге бармайы керек. Қазіргі таңда жастар арасында бірнеше қылмыс түрлері орын алуда. Оған себеп ғаламтор желісіндегі түрлі ақпараттар, ойындар, теріс пиғылда түсірілген бейнероликтер екенін атап өткен жөн. Бұдан бөлек ғаламтор санасын жаулаған балалардың өз-өзіне қол жұмсау ықтималдылығы да жоғары. Сондықтан ата-ана мен ұстаздардың тәлімді тәрбиесін алып, интернетті тек пайдалы жағына ғана пайдалану керек. Сонымен қатар жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бармау үшін мектеп психологтары жан-жақты жұмыс жасау керек, – деді аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны А.Нұрымбетова.
Кездесулерде жастар мамандары мен ұстаздар қауымы бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын ортаға салды. Ұстаздар мектеп қабырғасында берілген тәрбие мен үйдегі ата-ананың көрсеткен тәлімінде ортақ мүдде болу керектігін тілге тиек етті. Ал мамандар NEET санатындағы жас­тармен жұмыс жасауға көңіл бөлуді атады. Оған қоса оқушылардың түнгі мезгілде көшеде жүрмеуі үнемі бақылауда болу керектігі айтылды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
23 сәуір 2022 ж. 435 0