Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕЛСЕНДІ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

БЕЛСЕНДІ ҰРПАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР


Өткен аптаның бей­сенбісінде аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жастар ресурстық орталығының мамандары және кентке қарасты білім беру ошақтарының белсенді жастарының қатысуымен «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Шара барысында аудандық кітапхана директоры Г.Нұржакиева сөз алып, жастар жылының маңыздылығына тоқталды. Қоғам өміріндегі жастардың негізгі ролімен жүзеге асатын бірқатар міндетерді атап, өскелең ұрпақтың бойынан табылуы тиіс патриоттық сезімді тілге тиек етті. Өз кезегінде жастар ресурстық орталығының маманы С.Сыздықова, №35 мектеп-лицейінің мұғалімі О.Әуезхан, №131 мектептің жас маманы М.Мұратқызы, №210 мектептің мұғалімі О.Құлабаев жастар бойынан табылуға тиісті негізгі қасиеттерді тізбектеді. Жалпы айтулы жылдың шеңберінде жасалатын жобалар аясында атқарылар жұмыстың жауапкершілігін әрбір жас сезіну керектігін жеткізді. Бұдан кейін «Даму даңғылы», «Өмірдің күнгей және көлеңкелі тұстары» атты тренинг ойындар ұйымдастырылып, семинарға қатысушы жастар өздерінің көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісті. Әр түрлі ситуациялар кезінде адам өзін қалай ұстауға болады деген сан алуан тақырып желісінде өз пікірлерін ортаға салды. Өзара тығыз байланыста болған белсенді жастардың бойында қырағылық пен білімділік қасиеті басым болды.

Б.ОРДАБЕКОВ
28 ақпан 2019 ж. 1 038 0