Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аудандық соттың биылғы жылдың 10 қазандағы қаулысымен азамат Ж-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.

Алайда, азамат Ж. ағымдағы жылдың 01 қарашада Тереңөзек кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі, №9/1 үйде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
06 желтоқсан 2024 ж. 249 0