Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған

Сырдария аудандық сотында азамат О-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аудандық соттың 2024 жылғы 20 тамыздағы қаулысымен азамат О-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талаптар белгiленген.

Алайда, О. ағымдағы жылдың 21 қыркүйекте алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен О. ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото: turaninfo.kz
03 қазан 2024 ж. 86 0