Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті қайта тізгіндеген азаматқа қомақты айыппұл сомасы салынды

Басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті қайта тізгіндеген азаматқа қомақты айыппұл сомасы салынды

Сырдария аудандық сотында көлік басқару құқығынан айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1-бөлігімен әкімшілік құқық құзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат К.
2021 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

2023 жылы қазан айында ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып әкімшілік жауаптылыққа тартыла тұра, көлік құралын басқару әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 180 908 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото:ашық дереккөзден
23 тамыз 2024 ж. 265 0