Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті қайта тізгіндеген азаматқа қомақты айыппұл сомасы салынды

Басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті қайта тізгіндеген азаматқа қомақты айыппұл сомасы салынды

Сырдария аудандық сотында көлік басқару құқығынан айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық құзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Ә.

2020 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.

2024 жыл 9 қарашада жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра автокөлік басқарған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ә. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 129 220 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
25 қараша 2024 ж. 58 0