Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы берілді

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы берілді

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабы 1-бөлігімен азамат Ә.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ә. Шымкент-Самара тас жолымен басқаруындағы «Daewoo Nexia» маркалы көлік құралы үзіліссіз сызықты басып автокөліктен озуға шыққанын одан полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтатуын талап еткенде ол талаптарға бағынбаған. Полиция қызметкерлері артынан шамамен 15-20 км қуғандарын, соңында құқық бұзушы Ә. басқару жүйесіне ие бола алмай жол жиегінен шығып кеткен.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.


Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Ә. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
613-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы берілді

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
Фото:Syrboyi.kz.
16 қыркүйек 2024 ж. 255 0