“Сәбира апа ізімен” атты аудандық монолог орындаушылар байқауы өткізілді
Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның және КСРО халық әртісі, Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай “Сәбира апа ізімен” атты аудандық монолог орындаушылар байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты Сыр өңірінен шыққан Рухты өнері және биік азаматтық болмысымен “Театрдың анасы” атанған, аса көрнекті актриса, адамдарға деген ізет-ілтипаты, бауырмалдығымен өнер қауымының да, халқының да сүйіспеншілігіне бөленген, жарқын ғұмыры халқына, өнерге қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсеткен театр анасын кеңінен насихаттау, дәріптеу. Жас ұрпаққа үлгі ету. Байқауға Тереңөзек кенті және ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардан 1 талапкерден қатысты. 30 жастан жоғары талапкерлер “Әйел - Ана” образында монолог орындады. Байқауға Аудандық мәдениет үйінің әдіскері Гаухар Сәрсенбаева, Тіршілік тынысы газетінің бас редакторының орынбасары Аружан Мұқамбетқали, аудандық мәдениет үйі халық театрының режиссері Даулет Асанов қазылық етті. Байқау нәтижесінде С.Майқанова атындағы арнайы жүлдемен Айдарлы ауылынан қатысқан Рахия Абдукаримова иеленсе,Шаған ауылынан қатысқан Фарида Әбенова жүлделі 1 орын, Шіркейлі ауылынан қатысқан Ғайни Құлымбетова 2 орын, Іңкәрдария ауылынан қатысқан Жадыра Жалғасбекқызы 3 орынды иеленді. Алғыс хатпен Қоғалыкөл ауылынан қатысқан Сәбиева Нұрсұлу мен С.Сейфуллин ауылынан Арыстанов Алпамысқа бұйырды. Байқауға қатысушы талапкерлер дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.