Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » » Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы Ф.Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Өлең, мен сені аялап өтем" атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы болып өтті.

Ақынның шығармашылық өмір жолын келешек ұрпаққа насихаттау мен талантты жастардың шығармашылығына қолдау білдіру мақсатында өткен байқауға 14-25 жас аралығындағы 18 талапкер қатысты. Қатысушылар екі кезең бойынша өлең оқыды.

Бірінші кезеңде талапкерлер Ф.Оңғарсынованың өлеңдерінен бір өлең оқыса, екінші кезеңде Фаризаға арнап жазған ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды.

Байқау қорытындысында І орынды Шаған ауылынан Әзиза Жәнібекқызы, ІІ орынды Бесарық ауылынан Ғани Сейдалы, ІІІ орынды Аманкелдіден Арайлым Сәбитқызы иеленді.

Байқауға қатысқан барлық талапкерлерге арнайы дипломдар мен ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

"ТТ ақпарат"
25 қараша 2019 ж. 1 123 0