Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Елім барда..." көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

"Елім барда..." көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, қазақ поэзиясының символына айналған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Елім барда...» атты аудандық онлайн көркемсөз оқу шеберлері байқауы ұйымдастырылды.

Ақиық ақынның өшпес мұрасын, шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген аталмыш байқауға кент және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанындағы көркемсөз үйірмесінің 18-35 жас аралығындағы 13 өнерпаздары екі кезең бойынша қатысып, бірінші кезеңде жыр падишасының жүрекжарды шығармаларын және екінші кезеңде еркін тақырыпта белгілі ақындардың туындыларын жатқа оқыды.

Қазылар алқасы талапкерлердің өнерін бағалау барысында олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударып, нәтижесінде бас жүлде Шіркейлі ауылынан қатысқан өнерпаз Қожанша Бекарысқа бұйырды.

Жүлделі І орынды Баймырзаев Нұрхан /Аманкелді ауылы/, ІІ орынды Оңғарбай Әлішер /Шаған ауылы/ иеленді. Байқаудың жүлделі ІІІ орындарын Маратұлы Әлішер /Тереңөзек кенті/ және Аманбекова Мөлдір /А.Тоқмағанбетов ауылы/ қанжығаларына байлады.

Байқауға қатысқан барлық талапкерлер арнайы дипломмен, алғыс хатпен және сыйлықпен марапатталды.
24 ақпан 2021 ж. 745 0