Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тұрмыстық техникаларды пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі

Тұрмыстық техникаларды пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі

Ерте ме кеш пе, дұрыс орнатылмаған желі­лер, қа­те жалғанған кабельдер, сақ­тан­­дыр­ғыштардағы ақау­­лар өртке алып келуі мүмкін.

Отбасыңызды және дүние мүл­кі­ңізді өрт­тен сақтау үшін бірқатар ере­желерді назарда ұстап, орын­дауыңыз қажет:

– Бір уақытта желіге қосылған бірнеше электроқұрылғылар тоқ жү­йе­­сінің шамадан тыс жүктелуіне әке­леді және ол өрт туындауына себеп­ші болуы мүмкін;

– Егер сіз тұрмыстық техниканы іске қосқанда және сөндіргенде ұшқын көрсеңіз немесе электр құ­рылғыларды желіге қосқанда розеткалар қыза бас­таса, ол желілердің ішінде ақау бар деген сөз. Өрт қау­пінің алдын алу үшін розеткаларды ауыстыру қажет;

– Үйден шығып бара жатқан кез­де электр желісіне қосылған барлық тұрмыстық электр қондыр­ығылардың ажыратылғанына көз жеткізіңіз, электр жүйесін электр ажы­ратқыштан өші­­ріп шығыңыз;

– Есіңізде болсын, сақтандыр­ғыш­­тар эл­ек­тр жүйе­лерінің тұйық­талуынан сақ­тай­­ды, бірақ өрттің ал­дын алмайды. Сол себепті тұр­мыста сапасыз розеткалар мен ұзарт­қыштарды қолданбаңыз, себебі, олар өрт қауіпін көп еселейді.

Егер сіз электр жылыту пешін пайдалан­саңыз мына қағидалар­ды бі­лу­ің­із қажет:

– Электр жылытқыштар тек зауытта жаса­лған болуы қажет;

– Электр жылытқыштарды жан­ғыш заттар мен жабуға, олардың үс­тіне кір кептіруге болмайды;

– Қосылған құралдарды үнемі ба­қы­лау қажет, үйден кеткен кезде оларды мін­детті түрде өшіру керек;

Уақытша металл пештерді ор­нат­қанда өрт қауіпсіздігі талап­тарының толық орын­дал­ғанына көз жеткі­зіңіз. Атап айтқанда, метал пештердің аяқ­тарының ұзындығы 0,2 метрден аз болмауы керектігін ескеріңіз.

Өрт шыққан жағдайда ең алды­мен «101» нөмерін теріп, өртке қарсы қызметті шақырыңыз. Өз мекен жа­­­­йың­ызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жат­қан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөнді­рушілер келгенше өрт көзін жабуға әре­­кет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе жә­не сіз­дің оны оқшаулауға шамаңыз келмесе, электр таратқышты өшіріңіз.Егер мүм­кін болса, өрттің өршуін есе­лейтін газ баллонын сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден кетіңіз.

Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз, өз өміріңіз бен дү­ние мүлкіңізді сақтай аласыз.

Өрт шыққанда немесе төтенше жағ­дай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып, жағдайды, ме­кен жайын асықпай, то­лық айтуы тиіс.

Сырдария ауданы төтенше жағ­дай­лар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі се­нім телефоны жұмыс жасайды.


Сырдария ауданы
төтенше жағдайлар бөлімі
29 қазан 2022 ж. 407 0