Өрт өзекті өртемесін десек...
Электр желілерінен болатын өрттің негізгі себебі – қысқа тұйықталу, желіге шамадан тыс күш түсу. Мұндай жағдай орын алмас үшін электр сымдарын ұдайы бақылауда ұстау керек. Ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен (бірнеше электр қондырғыларды бірден қосу) болатын өрттердің алдын алу үшін тоқ тарату қалқаншасында міндетті түрде заводта жасалған сақтандырғыш болуы қажет.
Егер электр желісіне жуан сымнан (қолдан) жасалған сақтандырғышты («жучок») қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ерімейді. Тұйықталу болған жағдайда сым ерігенше қызады, оқшаулауы тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт басталады. Сондықтан әрқашан да тек заводта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет. Қысқа тұйықталу электр сымда да болуы мүмкін. Сондықтан ол жарамды жағдайда болуы керек.
Өрт электр шамынан да болу мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмау үшін электршамдар қағаз және матаға тимеу қажет. Өрттер заводта жасалған тұрмыстық электр қондырғыларынан да жиі болады.
Егер электр желісіне бірнеше осындай қондырғыларды бірден қосса, онда ол электр сымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызуына мүмкіндік береді. Кейін тұтанып, от сым арқылы әртүрлі заттарға таралады. Егер дұрыс қолданбаса, өрт тек бір ғана электр жылытқыш қондырғысынан (үтік, шәйнек, жылытқыш, т.б.) да пайда болуы мүмкін.
Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды. Қондырғыны жанғыш заттардың үстіне қоюға, сонымен қатар перде, ағаш қалқа және т.б. оңай жанғыш заттардың қасында қосуға болмайды.
Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі