Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Электр жүйесіндегі өрт қауіпсіздігі

Электр жүйесіндегі өрт қауіпсіздігі

Оқиғалардың басым бөлігі тұрғын үй иелерінің салғырттығынан, тоқ өткізу жүйелеріндегі ақаулар кесірінен, болған өрттердің санағы бойынша, өрттің көбінесе дұрыс орнатылмаған және дұрыс қолданылмаған, электр қондырғылардың кесірінен болатындығы белгіленді. Ерте ме кеш пе, дұрыс орнатылмаған желілер, қате жалғанған кабельдер, сақтандырғыштардағы ақаулар өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Отбасыңызды өрт пен тоқтан зақымдаудан сақтау үшін бірқатар ережелерді сақтау қажет:
- бір уақытта желіге қосылған бірнеше электрқұрылғылар тоқ жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі және ол өрт туындауының себепшісі болуы мүмкін;
- егер Сіз тұрмыстық техниканы іске қосқанда және сөндіргенде, ұшқын көрсеңіз немесе электр құрылғыларды желіге қосқанда розеткалар қыза бастаса, ол желілердің ішінде ақау бар деген сөз. Өрт қаупінің алдын алу үшін розеткаларды ауыстыру қажет;
- есіңізде болсын, сақтандырғыштар электр жүйелерінің тұйықталуынан сақтайды, бірақ өрттің алдын алмайды. Сол себепті тұрмыста арзан розеткалар мен ұзартқыштарды қолданбаңыздар, себебі олар өрт қаупін көп еселейді. Өз қауіпсіздігіңізді үнемдеңіз, тек қана сапалы электр құрылғыларды пайдаланыңыздар. Егер құрылғыны тоқ көзіне қосқанда, бөлме жарығында ақау пайда болса, ол тоқ жүйелерінде шамадан тыс жүктеу бар екендігінің белгісі. Бұл міндетті түрде дұрыс жұмыс істемеген тоқ жүйелерінің кесірінен емес, көп жағдайда ақау, дұрыс орнатылмаған желілер мен нашар тартылған қосылулардан болады. Ал бұл өрттің бірден бір себепшісі. Мұндай жағдайда міндетті түрде электршіні шақырту қажет. Өрттің шығуы тұрғын үйдің ескілігінен, ескірген электр жүйелерінен, ал ең бастысы, өрт қауіпсіздігін сақтамаған тоқ желілеріне немқұрайлы қараған тұрғындардың кесірінен шығады.
Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен, "101" номерін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Өз мекен-жайыңызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жатқан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөндірушілер келгенше, өрт көзін жабуға әрекет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе және Сіздің оны тұйықтауға шамаңыз келмесе, электражыратқышты өшіріңіз. Егер мүмкін болса, өрттің өршуін көп еселейтін газ баллонын сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден кетіңіз.
Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң ұстансаңыз өз өміріңіз бен дүние мүлкіңізді сақтай аласыз.

14 ақпан 2020 ж. 1 421 0