Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсат – жемқорлықтың алдын алу

Мақсат – жемқорлықтың алдын алу

Аудандық қазынашылық басқармасында сыбайлас жемқорлық­тың алдын алу, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дөң­гелек үстел өтті.

Басқарманың жылдық жоспарына сәйкес өткен жиында басқарма басшысы З.Рахым­шаева сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, жемқорлыққа төз­беу­шілік мәдениетін қалыптастыру барысына тоқ­талды.

– Қазақстан Республикасы мемлекеттік қыз­метшілерінің «Әдеп» Кодексінде «Мемлекеттік қыз­метшілер өз қызметінде мемлекеттік сая­­сат­­ты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзі­не асыруға тиіс» делінген. Жаңа Әділетті Қазақ­станды құру жолында әрбір адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – ұлт, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезініп, кәсіби және жауапты қызмет етуі тиіс. 2023 жылдан бас­тап «ҚР Бюджет» Кодексі мен «Салық» Кодексі жаңа мәтінде редакцияланып, қолданысқа енеді. Осыған орай, бүгінгі күні өз тарапымыздан Кодексті толық­тыру бойынша ұсынысымыз жоғары тұрған ор­ган­ға жолданды. Атап айтқанда, салық түсімі өңір­лердің өзінде қалуы, ЖӨБ бойынша бюджет қаражатын жұмсауды қоғамдық кеңеспен шешу, халық қатысатын бюджет жобасын тиімді іске асыру – негізгі ұсынысымыз. Осы күні «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасына сәйкес, аудан бойынша 1 кент және 13 ауылдық округ бюджетінің атқарылуына аудандық қазынашылық басқармасы қызмет көр­сетіп келеді, – деді басқарма басшысы.

Дөңгелек үстелде бас маман – бас қазынашы И.Сәрсен «Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік. Сыбайлас жемқорлықтың зардабы» тақырыбында ақпарат берді. Сонымен қатар, Республика күні­нің қайта жаңғыруы туралы бас маман-бас қазы­на­шы Ғ.Балжанова хабарлама жасады.
«ТТ» ақпарат
27 қазан 2022 ж. 249 0