Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тура биде туған жоқ

Тура биде туған жоқ

ҚР ҚМ ҚК Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық де­партаменті Сырдария аудандық қа­­­зынашылық басқармасы сыбай­лас жемқорлық сипатындағы құ­қық ­­бұ­зушылықтарды болдырмау жә­не оның алдын алу мақсатында дөң­гелек үстел өткізді.

Мәжіліске басқарма қыз­меткерлері мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Шаһарбек Балтабайұлы қатысты.

Жиналысты ашып берген басқар­ма басшысы З.Рахымшаева бүгінгі іс-шараның сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл жөніндегі 2018-2025 жылдарға арналған іс-шаралар және биылғы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

Одан кейін сөз алған Ш.Нұрсейтов:

– Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу, жолын кесу және онымен дәйекті түрде күресу. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ау­дандағы мемлекеттік органдарда жем­қорлық құқық бұзушылық орын алған жоқ. Аудандық қазынашылық басқармасында жемқорлыққа қатыс­ты құқық бұзу­шылықтың алдын алу мақсатында арнайы оқу сабақтарды, осындай дөңгелек үстелдерді жиі өткізіп отырады және бұл орынды атқарылып жатқан жұмыс, – деді.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның ең басты қауіп-қатерлерінің бірі. Бұл кесел мемлекет пен қоғамның тұ­рақ­тылығына, ел экономикасының іл­герілеуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Десек те, осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау және басқа да мем­лекеттік органдардың міндеті емес, әр азаматтың парызы екенін естен шығармаған абзал.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

16 қараша 2021 ж. 711 0