НӘПСІНІ НАМЫС ТЕЖЕЙДІ
Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Басқарма басшысы М.Абдыхалықов жемқорлықтың қоғамға қауіпті індет екенін, оның алдын алу мен күресуде мекеме қызметкерлері арасында үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ мекеме басшысы жақында Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдап, жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударғандығын атап өтті. Мұнан соң, қауіпті кеселдің зияндылығы туралы слайд көрсетілді. Онда пара алғанда, пара бергенде жауапкершілікке тартылып, оның зардабы қатаң болатыны жан-жақты көрініс тапты.
Дөңгелек үстел барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов, мекеме заңгері Қ.Нұрпейісов және т.б. сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін жегі құрт екенін, оған қарсы төзбестік мәдениетін қалыптастыру басты міндет болып табылатынын айтты. Сөйтіп, Мемлекеттік кірістер басқармасындағы бас қосу қоғамның қауіпті кеселінен сақтандыру және алдын алу мақсатында өткізілді.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ