Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырма дертімен күрес тоқтамайды

Құтырма дертімен күрес тоқтамайды

Жақында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, аурухана, ветеринария бөлімінің біріккен бұйрығына сәйкес «Құтырма ауруының алдын алу сақтану шаралары» тақырыбында медицина саласының мамандары арасында семинар ұйымдастырды. Оған аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Ж.Нұрсұлтанова, бас мамандары Р.Бимағамбетов, О.Сәрсембай, Г.Тұсмағанбетова, жетекші маманы А.Байтілеу, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары С.Бакишова, және ветеринария бөлімінің мамандары қатысты.
Семинар барысында «Құтырма ауруының эпидемиологиялық жағ­­дайы, алдын алу, сақтану шара­лары» бойынша аудандық тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқар­масының бас маманы О.Сәрсембай жан-жақты мағлұмат бер­ді. Маман­ның айтуынша, атал­ған дерттің эпи­де­мио­логиялық жағдайын сара­лай отырып, кез келген уақыт­та адамдарды жануарлардың шабуы­лынан сақ­тау керек. Оның ішінде үй жа­нуар­ларында құтыру белгісі бай­қалған жағдайда жауапты ма­ман­­дарға хабарлаған жөн. Құтыр­ма дертімен ауырған адамның диаг­нос­тикалық бел­гі­­сін анықтап, шұғыл көмек көрсетуде денсаулық сақтау саласының мамандары жа­уапкершілік таныту керек.
Ал ветеринария бөлімінің бас маманы М.Сәтбаев жануарлар ара­сында құтырма ауруларының бел­гі­лерін атап өтіп, оған қарсы ат­қары­латын жұ­мыстарды түсіндірді. Ау­дандық ауру­хананың жұқ­палы ау­рулар дәрігері Г.Ев­ниева «Құтырма ау­руының клиникасы, этологиясы, диаг­ностикасы» бойынша хабарлама жасады. Трав­мотолог дәрі­гер А.Самалықов дертке қарсы егу шарасын жүргізу барысын айтты. Айта кету керек, аудан көле­мінде өткен жылы құтырма ауруы тіркелмеген. Деген­мен құтырма ауруына әке­ліп соқтыру мүмкін жануарлардан жарақат алған 124 адам анықталып, антирабикалық екпелерін алған.
Жыл сайын сала мамандары тарапынан құтырма дертімен күрес жүрігізілуде. Бірақ, сақтық шарасын қатаң ұстанып, оқыс жағдайға бармаудың амалын ұйымдастыру әр маманның, әр адамның міндеті. Аурудан қарапайым адамдар зардап шекпес үшін иесіз иттерді немесе жа­нуарларды бақылауда ұстау керек. Осыған байланысты өткен семинардың негізгі мақсаты орны толмас олқылықтарды жоюға бағытталды.
Газетіміздің №8 санында «Иесіз ит кезіп жүр көшелерді» деген тақырыпта журналистік зерттеу жариялаған болатынбыз. Бұл мақаланы жариялай отырып, тұрғындарды көше кезген иесіз иттерден қорғауды мақсат тұттық. Алдағы уақытта аталған дертпен күрес өз нәтижесін береді деп сенеміз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ


04 ақпан 2020 ж. 965 0