Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сауда орынында өткен акция

Сауда орынында өткен акция

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары С.Сейфуллин елді мекенінде орналасқан сауда орынында акция өткізді.

Акция тамақтан улану ауруларының алдын алу, инфекциялық емес аурулары яғни, жүрек-қан тамыр мен қант диабеті, семіздік ауруларының профилактикасы мақсатында өтті.

Шара барысында тұрғындар арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау, жедел ішек, тамақтан улану ауруларының алдын алу, саламатты өмір салтын ұстану қағидалары, фортификацияланған ұнның адам ағзасына қажеттілігі мен қасиеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
23 қаңтар 2020 ж. 851 0