Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қауіпсіз тағам таңда" акциясы

"Қауіпсіз тағам таңда" акциясы

Сырдария аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда филиалының Сырдария аудандық бөлімше мамандарымен бірлесіп «Қауіпсіз тағам таңда», «Ұнды фортификациялау» акцияларын өткізді.

Мақсаты – халық арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау, тамақтан улану ауруларының алдын алу, инфекциялық емес аурулары яғни, жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті, семіздік ауруларының алдын алуда дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерінің құрамын, сапасын, сараптамадан қалай өткізілетіндігін, тұтынушылардың сауда жасауда құқықтарының бұзылмауын түсіндіруге жалпы халыққа қажетті ақпарат беруге бағытталды.

Акция барысында тұрғындар арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау, жедел ішек, тамақтан улану ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану қағидалары, фортификацияланған ұнның адам ағзасына қажеттілігі мен қасиеттері жөнінде дұрыс тамақтану, артық салмақ пен зиянды әдеттерден арылу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізді. Сонымен қатар «Қауіпсіз тағам таңда» тақырыбындағы сауалнамалар жүргізіліп, декреттелген топ контингенттерінен 3 сынама алынды және құрамындағы нитрат қалдығын анықтауға бақша өнімдерінен 7 үлгі алынып, санитарлық талаптарға сәйкессіздік анықталған жоқ.

"ТТ" ақпарат

18 қазан 2019 ж. 940 0