Халық сүйіспеншілігіне бөленген
Кенттің Серікбай Жәкеев көшесі маған ерекше ыстық. Өйткені бал дәурен балалығым мен жастық шағым осында өтті. Бұл көшенің көңілімнің түкпірінен орын алғаны сондай, о дүниелік болған ата-анамның көзіндей көремін. Сол жермен жүрсем, қымбат асылдарым алдымнан шыға келетіндей сезімде боламын....













