Пендемиядан кейінгі қалыпты өмірге оралатын боламыз

Комиссия отырысында Мемлекет басшысы індеттің шарықтау шегінен ел тұрғындары өткендігі жөнінде мәлім етті. Бүгінгі мәлімет бойынша індетті жұқтырғандар саны 5000-нан асты. Бұл адамдардың әлі де немқұрайлылық танытпау керектігін көрсетеді. Дертті бәсеңдетуде карантиндегі шектеулерді барынша мұқият орындаған жөн. Аймағымызда ахуал тұрақтану үшін жауапкершілікті әрбір адам сезіну керек. Карантинге қарамастан көптеген саланың қалпына келуі құптарлық жағдай. Көп ұзамай пендемиядан кейінгі қалыпты өмірге оралатын боламыз.
Айдос ОМАРОВ,
«Жас Отан» жастар қанатының Сырдария аудандық филиалы төрағасы