Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер-ұстазды мерекемен құттықтады

Ардагер-ұстазды мерекемен құттықтады

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінде ұстаздық еткен, тыл ардагері, Сырдария ауданының "Құрметті азаматы" Қызылхожаева Рахима Абдулхасымқызын мектеп-лицей ұжымы Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Қызылхожаева Рахима Абдулхасымқызы -1926 жылы 28-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1933 жылы Шымкент қаласындағы "Жұлдыз" орта мектебіне 1-сыныпқа қабылданып, 1943 жылы толық бітіріп шықты. 1946 жылы Шымкент мемлекеттік Крупская атындағы мұғалімдік институтты бітіріп, орталау мектептің V-IX сынып мұғалімі деген мамандық берілді. 1946 жылы оқуын бітірген жас маман алғаш еңбек жолын Жалағаш ауданынан бастайды. Өзінің отбасын құрған жас ұстаз 1947 жылы №35 М.И. Калинин атындағы мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылданып, 42 жыл осы білім ордасында ұстаздық қызмет еткен. Ұлағатты ұстаз Қызылхожаева Рахима Абдулхасымқызының шәкірттері ғалым, қоғам қайраткерлері, ел қадірлілері. Атап айтқанда, ұстаз марқұм А.Пірімбетов, педагогика ғылымдарының кандидаты Хадиша Нұғманова, Алматы қаласындағы жоғары оқу орнын басқарған Совет Бітімбаев, ауданның ардагер-ұстаздары А.Ізбасарова, Ұ.Жанәлиева, абзал ағалар М.Сақтапов, Хусейн Әмір-Темір, К.Бәйімбетов, А.Махамбетов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев.

Ұстаздардың ұстазы атанған Рахима Қызылхожаева "Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері" белгісінің екі /1955,1963ж/мәрте иегері, "1941-1945жж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60,65 жыл" мерекелік медальдарының, "Еңбек ардагері" медалінің /1977ж/ иегері.
09 мамыр 2020 ж. 936 0